Онлайн газет



АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ ӨҢІРДЕ ЖЭС САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың  төрағалығымен өткен инвестициялық  штабтың кезекті отырысында жаңа өндіріс орындарын ашу және қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту жобалары талқыланды.
«KIDF management company» компаниясының өкілдері облыс аумағында қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасын салу жобасын таныстырды. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында қол қойылған Қазақстан Энергетика министрлігі, KIDF қоры және Masdar компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес іске асырылмақ.
Нысанның құрылысы кезінде 1300 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ірі жел электр стансасының іске қосылуы ауаға жіберілетін көмірқышқыл газын жыл сайын 1,1 миллион тоннаға дейін азайтпақ.
Сондай-ақ штаб отырысында «Әулие-Ата Феникс» ЖШС кәсіпорынның қуаттылығын жылына 8 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отырғанын жеткізді. Құс шаруашылығын дамыту жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру барысында 40 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Бұдан бөлек, басқосу барысында қызылша қабылдау бекеттерін салу және қымыз өндіру бойынша жобалар ұсынылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде қолдау көрсетілмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Обновлено 03.02.2023 11:48
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін248
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5899
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1806
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253475

Серіктестер