Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну қағидалары

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-7-тармақшасына және “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” және “Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді;
- проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
- санаторий-курорттық емделу – адамдардың санаторий-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі.
Санаторий-курорттық емделуді ұсыну осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген АОЖБ негізінде жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамның атынан санаторий-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде өтінішті мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша:
1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік нөмір) – проактивті көрсетілетін қызмет арқылы береді.
Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін “Электрондық үкімет” шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.            Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушіге:
- Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
- қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады. 8 (726 37) 2-17-99.

Мереке Бейсенова,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін276
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9252
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27331
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234717

Серіктестер