Онлайн газет



АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Еліміздің басты бағыттарының бірі – салауатты өмір салты. Салауаттылық салты санадан бастау алатындықтан әр адам денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жаны мен тәнін таза ұстауы тиіс.
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне дағдыландыру бағытында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Аудан көлемінде үстіміздегі жылдың алғашқы айында 29 спорттық іс-шара өткізілсе, оған 1500-ге жуық адам қамтылды. Бұл спорттық іс-шаралардың басым көпшілігі ауылдық жерлерде жалпы білім беру мекемелерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері, ауылдық округтердегі жастар және спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардың ұйымдастыруымен өткізілді. Жалпы, өткізілген спорттық іс-шаралардың барлығы шылым шегу, маскүнемдік пен нашақорлық сияқты адам денсаулығына қатерлі қылықтардың алдын алу мақсатында өткізілуде.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ және футболдан өткізіліп жатқан айналмалы чемпионаттарды, көңілді эстафеталар және өзге де дәстүрлі спорттық іс-шараларды атап айтуға болады. Сонымен қатар, мұндай бағыттағы спорттық іс-шаралар алдағы уақытта жүйелі түрде ересектер арасындағы кіші футбол, волейбол, баскетболдан аудан біріншіліктері, жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін олимпиадалық спорт түрлерінен жаздық спорт маусымының ашылуына арналған «Байзақ спорты» аудандық спартакиадасы, «Әкем, анашым және мен – спортшымыз отбасымызбен» отбасылық спорттық ойындары және Дүниежүзілік нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған көпшілік спорттық ойындарымен жалғасын табатын болады.   
Спорттық іс-шаралардан бөлек, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне бағынысты спорт мекемелерінде «Спорт – нашақорлыққа қарсы» тақырыбында спорт мектептері оқушыларының арасында жиындар, оқу-жаттығу сабақтарында нашақорлықтың адамға зияндығы туралы теориялық сабақтарды тұрақты түрде өткізу дәстүрге айналған. Сондай-ақ, спорт мекемелерінде білім мекемелерінің оқушылары арасында «Ашық есік күндері» тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ерік Мамадияров,
аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1500
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7517
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33084
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203814

Серіктестер