Онлайн газет



ҚЫЛМЫСТЫ АУЫЗДЫҚТАУ-МІНДЕТ

Бурыл ауылдық округінде ауылдық ардагерлер кеңесі мүшелерімен  жастар ісі бойынша аға инспектор, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алкогольді ішімдік пен темекі өнімдерін сатуды бақылау бойынша рейдтік тексерулер жүргізіліп тұрады. Ауыл тұрғындары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарына үлкен мән берілген. Ауылдық мәдениет үйінде жергілікті учаскелік полиция қызметкері Б.Журсинов пен ауылдық округ әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен ауыл тұрғындарына мал ұрлығының  алдын алу бойынша және құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Округ аумағында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында орталық көшелерде 12 дана бейнебақылау камералары, «Пәтер ұрлығынан сақ болыңыздар!», «Мал ұрлығының алдын алайық!» тақырыптарында көрнекі билбордтар орнатылған. Алаяқтық пен мал ұрлығының  алдын алу бойынша жадынама парақтар  адам көп шоғырланған жерлерге, 10 мемлекеттік мекеме мен дүкендерге ілініп, бейнероликтер тұрақты түрде әкімдіктің Facebook парақшасына жарияланып тұрады.
Бурыл ауылдық округінде 2022 жылы 42 қылмыс тіркеліп, 6-ы ашылмаған. 1 пәтер ұрлығы, 9 бөтеннің мүлкін ұрлау орын алған болатын.
Ауылдық округ бойынша  жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 147-бап 1-тармағына «Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдауға» сәйкес 4 адамға айыппұл салынып, мерзімінде төленді.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторларымен екі елді-мекенде (Бурыл, Құмжота) ерікті жасақтар құрылып, олармен түнгі уақытта күзету, рейдтер өткізу жұмыстары қолға алынған. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы және басқа да қылмыс түрлерінің саны азаюда.
Округ бойынша 240-00 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Ерлан Аширбеков,
Бурыл ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін282
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада2574
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10215
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2261884

Серіктестер