Онлайн газет



ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП - АУДАНЫМЫЗДА

Өткен аптада Жамбыл облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының стратегиялық бағыттағы мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында құрылған облыстық жұмысшы топ мүшелері ауданымызда болды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған жұмысшы топтың хатшысы – облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Надира Жолдасбекова өңірдің үш жылға арналған даму жоспары үш бағыттан тұратындығын атап өтті. Бағдарламалық құжатта біріншіден 2025 жылға дейін әр ауданда жеке қаражат есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалар, екіншіден, бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын жобалар, яғни әр ауылда әлеуметтік нысандар салу, газбен, сумен қамту сияқты жұмыстар болса, үшіншіден, осы жұмыстарды атқару есебінен ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жұмыспен қамту көрсеткіштері белгіленгенін жеткізді. Облыс әкімдігінің салалық басқарма басшылар және қызметкерлері күн тәртібіндегі мәселеге қатысты хабарлама жасап, облыс бойынша, соның ішінде Байзақ ауданында қолға алынатын ауқымды тірліктер туралы хабарлама жасады.
Жиын соңында даму жоспарының орындалу барысы бақылауда болатындығын, ауылдық округ әкімдері ай сайын аудан әкімдеріне тындырылған тірліктер туралы есеп беретіндігін, аудан әкімдері мен тиісті салалық басқарма басшылары және облыс әкімінің орынбасарларының есебі тоқсан сайын тыңдалатыны айтылды.
Айтулы жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы жұмысшы топ мүшелеріне өңірдің даму жоспарын кеңінен түсіндіргені үшін  алғысын айтты.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 02.12.2022 11:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін325
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада6994
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36597
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243983

Серіктестер