Онлайн газет



ҚҰС ЕТІ ӨНДІРІСІ ҰЛҒАЯДЫ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен облысқа инвестиция тарту, инвесторлардың ұсыныстарын қарау бойынша штабтың кезекті отырысы өтті. Онда “Алель Агро” акционерлік қоғамының жұмысы қаралды.
Бүгінгі таңда құс етін өндіретін отандық  кәсіпорындар арасында көш бастап тұрған, тиісті стандарт талаптарына сай қызмет көрсетіп, өнім өндіретін агроөнеркәсіптік кешендердің бірі- “Алель Агро”. Компания аймақта фермерлік шаруашылықты ұйымдастыруға ниет білдіріп отыр.
«Алель-Агро» акционерлік қоғамының директоры Ерік Сұлтанқұловтың айтуынша, компания нарықтың сұранысына сай ісін ұлғайтып, облысымызда зауыт салып, жылына 25 мың тонна құс етін өндірсек дейді.
Компания өкілдері штаб  отырысында өздерінің жұмыс жоспарымен, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Сонымен қатар, құс шаруашылығын кеңейтуге қатысты инвестициялық жобасын таныстырып, ұсыныстарын жеткізді.
Акционерлік қоғамның ұсынған жобасы- жылына құс етінің бірнеше түрі бойынша 25 мың тоннаға дейін өнім өндіру, халықтың сұранысын қанағаттандыру. Сонымен бірге өндірілген  өнімді шетелдерге экспорттау. Кәсіпкердің тағы көтерген басты мәселесі - аймақта құс өсірушілер қауымдастығын құру.
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жобаның тиімділігі мен жалпы өңір экономикасына тигізер пайдасы жайында сөз қозғай келіп, кәсіпкердің ұсыныстарына қолдау білдірді.
«Алель Агро» акционерлік қоғамы –  еліміздегі ең ірі асыл тұқымды құс етін және жұмыртқа өндірушілердің бірі болып табылады. Компания алдағы уақытта құс етімен ішкі нарықтың 60 пайызын қамтуды жоспарлап отыр. Ал қалған 40 пайызын Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттеріне эскпорттамақ.
Жеңіл әрі тез өндірілетін өнімдер салаларын жандандыру - кезек күттірмейтін мәселе. Бұл ретте құс шаруашылығын дамытуды көздеп отырған компанияның ұсынысына жергілікті билік қолдау көрсетуге әзір.
Кездесуде облыс әкімі жобаның тиімділігі мен жалпы өңір экономикасына қосар үлесі жайында кәсіпкермен пікір алмасты.
Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мемлекет, жергілікті билік тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылғанын атап өтіп, жобаның мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Обновлено 29.11.2022 11:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1263
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6263
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35866
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243252

Серіктестер