Онлайн газет



ЕРІКТІЛЕР ЕРЛІГІ

Қазір әлемде еріктілердің саны 1 миллиардқа жуықтайды. Бүгінде олар әлемдік қозғалысқа ықпал ететін ең белсенді топқа айналған. Соңғы кездері қазақ елінде де еріктілердің қатары көбейді. Сөйтіп, 2019 жылы мамырдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.
Сол жылы жұмыр жерге жұқпалы  індет тарап, адамзат баласын сарсаңға салды. Небір алпауыт, технологиясы мықты, тегеурінді елдердің өзі коронавирус дертін ауыздықтауға айла таппай сансырады. Төрткүл дүниенің түн ұйқысын төрт бөлген індет қазақ елін де шарпыды. Әрине, мемлекет тарапынан тиісті шаралар дер кезінде қолға алынды. Алайда, екпіні қатты ауруға ел болып күресу қажет болды. Міне, осы тұста тарыққанның өзегін жалғап, толыққанды қолтығынан демеген еріктілер атқа қонды. Олар қалтыраған жандарға шуақ, өшкен сенімдерге шырақ сыйлады.
Ерікті болу - шынайы патриотизмнің белгісі. Өйткені, еріктілерді ел игілігі үшін қызмет етуге адамгершілік сезімі жетелейді. Ерікті болып қызмет еткендердің жүрегінде Отанына деген оттан ыстық махаббаты, туған жеріне деген риясыз сүйіспеншілігі тулап жатса керек.
Еріктілік - жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірбие жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге  мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Ең бастысы, олар көптеген азаматтардың назарын өздеріне аудартып, өзгелердің іс-әрекеттері мен ойын өзгертуге ықпал етеді. Жақсылық жасау, жығылғанға сүйеу болу – кез келген адамның қолынан келетін іс. Тіпті, бұл қазақ халқының өмір заңдылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Мәселен, пандемия кезінде «BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында, Көктал ауылында жастар мен еріктілер жұдырықтай жұмылып, ауыл халқына айрықша қолдау көрсетті. Қоғамның әлсіз топтарына көмектерін ұсынып, жұртшылықты карантин талаптарын сақтауға шақырды. Қазіргі таңда, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 1 отбасына баспана тұрғызылуда. Асарлатып салынып жатқан осы бір игілікті іске ауыл кәсіпкерлері  үлкен қолдау жасауда. Сонымен қатар, ауыл жастары да, жас кәсіпкерлері де ауыл тазалығын сақтауға, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, қоғамның бірлігін нығайтуға үлестерін қосуда.

Жұпарбай Сымбат,
Көктал ауылдық округі жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1440
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада8109
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда37712
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245098

Серіктестер