Онлайн газет



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Жуырда Алматы қаласында волейболдан әуесқой ерлер командалары арасында «Аль-Азим» XII Республикалық турнирі болып өтті. Жарысқа Республиканың барлық өңірлерінен 18 команда қатысып, өзара ең үздік команданы анықтады. Айтулы турнирде Жамбыл облысының намысын Байзақ ауданының құрама командасы спортшылары қорғады. Алдымен 18 команда 4  топқа бөлініп, өзара топтың жеңімпазын анықтады.
Жерлестеріміз өз тобында Алматы қаласының «Кроус», «Кегог», «JMI» және ШҚО-ы, Күршім ауданынан келген «Көкжал барақ» командаларын ұтып, өз тобында бірінші орынды иеленіп, келесі айналымға жолдама алды. 1/8 финалда тағы да «Көкжал барақ»  (ШҚО-ның) 1/4 финалда Жаңақорғаннан (Қызылорда облысы) келген команданы тізе бүктіріп, жартылай финалға өтті. Сонымен қатар, іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша жартылай финалға «Шекара» (Алматы қаласы) және Алматы облыстарының «Кеден ауданы» және «Шырын» командалары шыққан еді.
Жартылай финалдық ойындар аса тартысқа толы болды. Жерлестеріміз Алматы облысының «Кеден ауданы» командасын 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Тартысты финалда аудан командасы 2:1 есебімен «Шекара» (Алматы  қаласы)  командасына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. «Шекара» (Алматы қаласы) командасы турнирдің жеңімпазы атанса, Кеден ауданы үшінші  орынға, ал, Алматы облысынан келген «Шырын» командасы төртінші орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Кубок, медальдар, диплом, бағалы және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 29.11.2022 11:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін491
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада7160
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36763
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2244149

Серіктестер