Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 28.04.2015 жылғы №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедекті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі белгіленген.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметке жүгінген күні бір сағаттың ішінде, ал үй жағдайында, мамандандырылған мекемелерде, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында емделіп жатқан жері бойынша қызмет көрсетуге 4 сағат бөлінеді.
Стандарт бойынша мемлекеттік қызметті Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне қарасты медициналық-әлеуметтік сараптама (әрі қарай – МӘС) бөлімдері көрсетеді.
МӘС бөлімдері адамдарға мүгедектік тағайындайды, оның мерзімін, мүгедектің себеп-салдарын, жалпы және/немесе кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылудың дәрежелерін анықтайды,  мүгедектерге мұқтаждығына қарай жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік, кәсіптік бөліктерін әзірлейді, оңалту іс-шараларының түрлерін алуға ұсыныстар береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе оның заңды өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
МӘС бөлімдері демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін қызмет көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушы қолдану мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, МӘС маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Сонымен қатар, адамдар мүгедектік анықтамасын жоғалтқан немесе анықтамадағы жазулары өшірілген, көрінбеген жағдайда «Электрондық Үкімет» порталында жеке кабинеті арқылы адамдар мүгедектігін растайтын ақпаратты 1 сағат аралығында алуына болады.

Қ.БАЙТЕЛИЕВА,
№6 МӘС бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін117
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада6786
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36389
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243775

Серіктестер