Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

Жақында «Amanat» партиясы аудандық филиалында филиалдың атқарушы хатшысы Шолпан Байтақова аудан орталығында тұратын бірнеше ардагерлерді қабылдады. 
Олардың арасында аудандық ардагерлер, қоғамдық, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары Серік Ермеков, Жұманғали Құмғанбаев, Қыдырәлі Оралов, аудандық бітімгерлік комиссиясының төрағасы Серік Балабековтер, тағы басқа да бірнеше азаматтар болды.
-Өздеріңіз естіп, көріп отырғандай Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміз бойынша жақсы деңгейде өтіп, сайлаушылардың 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, дауыс берді. Осыған сәйкес Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді. Енді жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Президент ретінде биылғы жылдың 26 қарашасы күні ант беретін болады. Бұл ұлықтауға біздің ауданымыздан да 2-3 азамат барып қатысады.  
Аталған саяси науқанның ойдағыдай өтуіне біздің ауданның азаматтары да, олардың ішінде сіздер, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдірген 117 адамы, филиал жанынан құрылған Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері, еріктілердің де қосқан үлестері көп болды. Ауданымыздағы 39 сайлау учаскелері науқанға жан-жақты дайындықтармен келіп, сайлауды ұйымшылдықпен өткізді. Ешқандай тәртіп бұзушылық болмады, сайлаудың  дайындығы, өтуі жөнінде тиісті орындардан ауданға жақсы баға берілді.
Басқа жерлердегі тәрізді біздің ауданымызда да 72 күн бойы үгіт-насихат жұмыстары ауданымыздың 43 елді-мекендерінде өтті. Оған 54 мыңнан астам сайлаушы қатысты. Алдын ала жасалған кесте бойынша 190-нан астам іс-шара өткізілді. Ауданымыздан бөлек облыстан, Астанадан келген тиісті орындардың штаб мүшелері халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Қ.Тоқаев біздің ауданымыздан сайлаушылардың 83,58 пайыз дауысын алды. Ал бұл жоғары көрсеткіш.
Ауданда штабты аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев басқарса, ұйымдастыру жұмыстарын орталық музейдің директоры, аудандық  мәслихаттың депутаты Өсер Нұрбаев ұтымды ұйымдастыра білді. Штаб құрамында бірнеше ардагер ағаларымыз болып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Сондықтанда біз бүгін сіздерді жинап, сайлауға дайындық, сайлаудың өз дәрежесінде өтуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтуды жөн көрдік. Ал алдағы уақытта сайлауға белсене қатысқан азаматтар тиісті орындардың марапаттарына ие болатын болады,-деді партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шолпан Қайратқызы. 
Қабылдауда аудандық қоғамдық келісім, ардагерлер, қоғамдық кеңестердің төрағалары Қ.Оралов, С.Ермеков, Ж.Құмғанбаев, бітімгерлік комиссиясының төрағасы С.Балабековтер сөз алып, қабылдау жасап, сайлау туралы толық мағлұмат  бергені үшін Шолпан Қайратқызына алғыстарын айтты.
- Мен сайлауға президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдірген адамы ретінде қатыстым. Мен болған сайлау учаскесіне келген сайлаушылардың көңіл-күйлері жоғары болды. Біз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кезімізде де Қ.Тоқаевты қолдаушылардың көп болғанына көз жеткіздік. Енді міне соның нәтижесін көріп, қуанып отырмыз,-деді Балабеков Серік аға ағынан жарылып.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтаған ардагерлер мемлекетіміз алдағы уақытта дамудың даңғыл жолына түсіп, тек биіктерден көріне беруіне тілек білдірді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 25.11.2022 11:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін503
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада7172
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36775
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2244161

Серіктестер