Онлайн газет



ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН ДЕГЕН АЗАМАТҚА ҚОЛДАУ БАР

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру - “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V заңының 22-бабымен реттеледі.
Ақылы қоғамдық жұмысқа орналасқан азамат жолдамада көрсетілген мерзімнен бұрын екі-үш айда бір себептермен жұмыстан шығып кетсе, мұндай жұмысқа қайтадан тек  3 ай мерзім өткеннен кейін өтініш білдіре алады. Айта кететін жайт, бос жұмыс орындары жайлы ақпаратты Enbek.кz сайтынан білуге болады.Жұмыс істеймін деген азаматтарға үкіметтен

қолдау бар.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» бағдарламасының  аясында ақылы қоғамдық жұмысқа 18 жастан бастап зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қабылданады. Дипломы бар ма, жоқ па маңызды емес. Тек жұмысқа ынтасы болуы шарт.
Ақылы қоғамдық жұмыс - уақытша жұмыс болып есептелінеді. Аудан аумағында белгіленген мерзімі 6-8 айға бекітілген. Айлық жалақысы биылдан бастап 85000 мың теңгені құрайды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған қызметкерлердің дені өңірдің тазалығына қосып жүрген еңбегі зор. Қоғамдық жұмысқа тартылғандардың негізгі қызметі - тазалық, көркейту, көгалдандыру және абаттандыру.Кейбір мекемелер жұмыскерлерді Қарулы Күштер қатарына шақыру қағазын тарату,  компьютерде ақпаратты теру, қағаз тасу жұмысына бейімдейді.
Ауданымызда үстіміздегі жылы «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» бағдарламасымен    бүгінгі күнге ақылы қоғамдық жұмысқа  бекітілген жоспар саны 800 адам, қамтылғаны 824 адам немесе 100 пайыз.
Мекемелерден түскен сұраныстар саны-800, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 824 адам. Оның ішінде Байзақ ауданы пробация қызметінде тіркелгендер – 14 азамат, атаулы әлеуметтік көмек алатындар – 55 азамат, мүгедектер - 55 адам, 29 жасқа дейінгі жастар 7 адам, аз қамтылған отбасылардан – 693 адам жұмыспен қамтылды.

 

Олжас  Маман,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.

Обновлено 25.11.2022 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін926
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4227
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда33830
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241216

Серіктестер