Онлайн газет



«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ-БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП»

Осындай атаумен «Байзақ ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Оған “Тегістік” мешітінің имамы Бақытбек Сағымбаев,  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дін сектор меңгерушісі Қантемір Данебаев қатысты.
Айтулы шараны аталған мекеменің директоры Гүлмира Жаназарова ашып, келген қонақтарды таныстырғаннан кейін, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты  архив қызметкері Ақбаян Бұралқы тақырыпқа орай тартымды баяндама жасады.
Бұдан соң “Тегістік” мешітінің имамы Бақытбек Сағымбаев  діни экстремизмнің қоғамға келтіретін залалына кеңінен тоқталды.   Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтың қадірін білу, Отанды, туған жерді, адамды қадірлеудің маңыздылығы туралы ойымен бөлісті.
Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу, ел бірлігін сақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, қоғамға қатер  төндіретін  жат діни ағымдардан сақ болу,  интернеттен қажетті ақпарат алу, ұрпақ тәрбиесі, ата-ананың перзент алдындағы міндеті төңірегінде ақпараттар берілді.
Дөңгелек үстел отырысы соңында қызметкерлер тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жауаптар берілді.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 25.11.2022 11:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1509
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8787
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26866
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234252

Серіктестер