Онлайн газет



ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XХХIV сессиясы өтті. Оны аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Бірінші мәселе «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №77-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Байзақ ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес - идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарауға арналған комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 24 тамыздағы №31-6шешімiне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Айтқұловтың хабарламасы тыңдалды.
Әрмен қарай «Байзақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қанат Телеуов, «Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Исағали Сәлімбаев, “Бурыл ауылындағы бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы” аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов хабарлады.
Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін652
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9628
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27707
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2235093

Серіктестер