Онлайн газет



АУДАН ХАЛҚЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты ұйымдастырылған №126 сайлау учаскесі Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне орналасқан. 20 қараша күні ертеңгі сағат 7.00-де дауыс беру жұмысы мемлекеттік Гимннің ойнауымен басталды. Алғашқы болып дауыс беруге келгендер өз тілектерін айтты. Сайлауға бірнеше бақылаушы қатысты.
Учаскеде түске дейін дауыс беруге келген сайлаушылардың қарасы көп болды. Олардың қатарында аудан әкімі Бақыт Қазанбасовта болып, өз таңдауын жасады.

*   *   *
Үлгілі ауылындағы №121 сайлау учаскесі Үлгілі орта мектебінде орналасқан. Сайлау учаскесі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына жақсы дайындықтармен келіп, ұйымшылшықпен өткізді.
Ертемен музыка ойнап, дауыс беруге келген сайлаушыларға жоғары көңіл-күй сыйлады. 20 қараша күнгі сағат 7.00-де мемлекеттік Гимн орындалған соң, алғашқы болып дауыс беруге келген ауыл тұрғындары Мұхтар Мейірханов, Жұмабек Бұғыбаев, Ермек Орманалиев тағы басқалардың қатысуымен сайлаудың ашылуы болды. Онда М.Мейірханов құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ел тағдырын айқындайтын аталған саяси науқанда өз жерлестерін ауызбіршілік танытуға шақырды. Сайлау учаскесі атынан алғаш дауыс берушілерге сыйлық тапсырылды. Сайлауға бақылаушыларда қатысты.
-Біз сайлауға алдын ала дайындалдық. Округ бойынша дауыс беретін 1684 сайлаушыларымыз бар. Олардың 10-ы биыл алғашқы рет дауыс бергелі отырса, 17 азамат үйден дауыс беруге өтініш білдірді,- дейді сайлау учаскесінің төрағасы Нүркен Кенжеқұлов.

*   *   *
-Диқан ауылындағы №134 сайлау учаскесі бойынша  1909 дауыс берушінің 680-нен астамы сағат 11-ге дейін таңдауын жасап үлгерді.  Диқан, Аймантөбе, “Денсаулық” саяжайы жəне Жеңіс ауылындағы қарт кісілердің учаскеге келуі үшін  5 жеңіл көлік жəне бір қоғамдық автобус  тегін қызмет көрсетуде. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары,-дейді сайлау учаскесінің төрайымы Мәншүк Мамыраймова.
Аймантөбе ауылының тұрғыны, 87 жастағы еңбек ардагері Шайдозым Көлбаев пен Диқан ауылының тұрғыны, 85 жастағы Əбдіқұл Ермұратов мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын мұндай сәтте әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.
-Тəуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі мен ұрпағымыздың алаңсыз ертеңі үшін таңдауымызды жасадық,-деді қос қария.
-Еліміздің келешегі - әрқайсымыздың қолымызда.  Маңызды науқанға асқан жауапкершілікпен келіп, дауыс бердім,-деді “Күміс алқа” иегері, 6 баланың анасы Гүлназ Исабекова.
Бұл күні сайлау учаскесіне бірінші болып келген Аягөз Изенбаева және алғаш рет дауыс берген жас сайлаушы Мадина Ділдаға арнайы сыйлықтар берілді.

*   *   *
Мырзатай ауылындағы №142 сайлау учаскесінде таңғы 7.00-ден басталған шарада мемлекеттік Гимн шырқалған соң сайлау учаскесінің төрайымы Роза Жұмасаева сөз сөйледі.
- Осынау тарихи күні мен алғаш рет дауыс бердім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Егемен еліміздің ертеңі үшін дауыс беру азаматтық парызым деп білемін. Қазақстанымыздың қарыштап дамуына бүгінгі таңдаудың маңызы зор,-деді жас сайлаушы Нартай Жамбыл. 
Алғашқы болып дауыс бергендердің ішінде зейнеткер Камалбай Сабуров та өз таңдауын жасады. Ауыл ақсақалы мұндай тарихи сәтте ауызбіршілікті алға қойып, бәріміз біркісідей дауыс бергеніміз абзал екенін айтты. Ұйымдастырушылар тарапынан зейнеткердің иығына шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ,
Гүлшахар Әбдіқұлова,
Арайлым Нарбатырова,

Обновлено 23.11.2022 17:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін546
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5546
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35149
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242535

Серіктестер