Онлайн газет



ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан  еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған Егемендік декларациясы Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы  саналады, әрі күллі қазақ үшін қастерлі құжат. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздікке қол жеткізіп, біртұтас мемлекет ретінде өз тәуезсіздігін жариялады. Биыл ел тәуелсіздігініне 31 жыл толады.
Тәуелсіздік – халқымыздың мәңгілік құндылығы. Қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы.
Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы десек қателеспейміз. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.
Қазақстанның тәуелсіздігі мемлекет үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл қазақ халқы үшін де маңызды мерекелердің бірі болып табылады. Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу – баршамыздың басты парызымыз деп білген жөн.
Бүгінгі таңда Қазақстан – бір үлкен отбасыға ұқсас іргесі берік, тұғыры биік мемлекет. Оның аумағында әртүрлі ұлттар мен этностардан құралған 19 миллионға жуық халық тұрады. Сондай-ақ, биыл Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толады. 1986 жылы қазақтың өрімдей ұл-қыздары Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шыққан болатын. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде еліміз Тәуелсіздігін жариялаған еді.
Тәуелсіздік – тұғырымыз. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігімізді бағалай білейік. Көпұлтты халқымызды бейбітшілік, игілік, өркендеу, әділдік және баршаға ортақ тең мүмкіндік сынды ортақ құндылықтар біріктіреді. Тәуелсіздік жылдары қолымызбен жасалған игілікті істерді жасампаздықпен жалғастыру, халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу - біздің басты міндетіміз.

Ерғазы Тілеубеков,
аудандық соттың төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін615
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада3916
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда33519
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2240905

Серіктестер