Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
ҚОҒАМДА ТӘРТІП БОЛМАСА...

Сазтерек ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, ақсақалдар алқасы, жастар ісі бойынша инспекторы және жергілікті учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып  кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алкогольді ішімдік пен темекі өнімдерін сатуды бақылау бойынша рейдтік тексерулер жүргізіп, ауыл тұрғындары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары бойынша түсінік жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар  мал ұрлығына қарсы ауылдық округте жергілікті полиция инспекторымен бірлесіп, «Атты патруль» ерікті жасақшылар тобы құрылған. Ерікті жасақшылар тобы тұрғындарға мүлік және мал ұрлығы шараларының алдын алу бойынша парақшалар таратып, қосымша түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Түсіндіру барысында малдарын қараусыз жібермеуге  және де малды ұстау орындарына бейнебақылау камераларын орнату туралы айтылды.
Мал ұрлығының алдын алу бойынша Мырзатай – Аса тас жолының бойында Абай ауылының кіре берісінде «Мал ұрлығының алдын алайық» атты тақырыпта баннер орналастырылған.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың, мал ұрлығының алдын алу мақсатында 2022 жылы Абай ауылының кіре берісіне, шыға берісіне және халық көп шоғырланатын орындарға және Ақтөбе ауылының кіре берісіне бейне бақылау камералары орнатылды. Бұл өз кезегінде орын алған қылмыстық оқиғаларды жедел ашуға көмегін тигізері сөзсіз.
Заң талаптарын сақтай отырып, өзгенің құқықтарына құрметпен қарау және тәртіп нормаларын сақтаудың маңызы зор. Себебі, тәртіп – ел бірлігін нығайтуға, қоғамның ары қарай дамып, гүлденуіне жол ашады.

Жұмабек Шайхиев,
Сазтерек ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін423
mod_vvisit_counterКеше596
mod_vvisit_counterОсы аптада3067
mod_vvisit_counterӨткен аптада6945
mod_vvisit_counterОсы айда28987
mod_vvisit_counterӨткен айда30531
mod_vvisit_counterБәрі2104942

Серіктестер