Онлайн газет



КЕЛЕҢСІЗ ҚҰБЫЛЫС

Келеңсіз құбылыс саналатын -сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында елімізде жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, сондай-ақ заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабу керек екендігін атап өткен.
Қазіргі таңда заңмен жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынған. Ал соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу-барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті және тәлімді қалыптастырудың нәтижесі мынадай болмақ:
-Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке төнетін қатер екенін азаматтардың сезінуі;
-Жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру және жемқорлыққа  жақындықты аластату.
Міне, осы бағытты негізге ала отырып, әрбір адамды жемқорлыққа қарсы күресуге шақыруымыз қажет. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметші өзін осы жағдайға бейімдеп, заң талаптарын, соның ішінде еңбек тәртібін қатаң сақтауы қажет.

Кеніш ИсҚаҚов,
аудандық соттың бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін414
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6431
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31998
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202728

Серіктестер