Онлайн газет



МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Негізінен «мәуліт» сөзін Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күні ұғымында қолданады.
Ғұламалар: «Мәулітті атап өту – Алла Елшісін (с.ғ.с) күллі ғаламға рақым ретінде жібергені үшін Алла тағалаға деген  шүкіршілік болып табылады» , – дейді. «Ибраһим» сүресінің 15-аятында:  «Аллаһтың күндерін еске сал» деген аятты негіз етіп ала отырып, пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы аяттағы «күндерді» «Алла тағаланың сыйы мен нығметтерінің ең мол болған күндері» деп тәпсірлеген. Ал пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның дүниеге келген күні – нығметтердің ең үлкені дейді ғұламалар.
Мұсылман жұрты Алла Елшісінің (с.ғ.с) туылған күніне орай əрбір жылы Рабиул-әууәл айында Мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Алла тағаланың Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындаған. Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  туылған күніне орай «Қош келдің, Мәуліт!» атты тақырыпта Диқан мешітінде іс-шара ұйымдастырылды.
Алдымен жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен қари Хазірет, Бақтыбек Бауыржанұлы шын жүректен құттықтап, екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с)  араб тілінде салауат айтылды. Адамзаттың сұлтаны (с.ғ.с) өнегелі өмірі, балалық шағы, одан кейін пайғамбарлықтың келуі, Миғражға көтерілуі,  жалпы өмір жолы туралы ақпарат беріліп, шағын бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, адамзаттың асыл тәжі бола білген пайғамбарымызға (с.ғ.с)  салауат айтудың маңызы зор екенін айтумен қатар Мәулітті қастерлі екенін дәріптеді. Алла Елшісін (с.ғ.с) өсиеттерін бойға сіңіру,  өмірінен өнеге алудың маңызы сөз болды.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен салауат, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп, пайғамбарға (с.ғ.с)  салауат айтуға бұйыруында үлкен мән жатыр. Бұл аяттан Алла тағала пайғамбарымызға (с.ғ.с) рахмет етіп, абыройын жоғарылатып, дәрежесін өсіретінін түсінсек, ал періштелер болса сол дәрежені тілеп, дұға ететінін аңғарамыз. Сонымен қатар біз, мұсылмандар, Алланың сүйікті елшісіне үнемі салауат айтуды Алланың екі дүниенің бақытына кенелу үшін бізге бағыттаған бұйрығы деп білеміз.
Сағид ибн әл-Мусаибтен жеткен хабарда Омар (р.а) былай дейді: «Маған мынадай хабар жетті: «Жасаған дұғалар жер мен аспанның арасында қалады. Ол дұғалар пайғамбарға салауат айтумен ғана көтеріледі» деген. Міне, әрбір дұғалар жасағанымызды соңында пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтуымыздың мәні осында.
Бесін намазынан кейін жамағатқа құдайы тамақ берілді. Мерекелік ақ  дастархан жайылып,  жамағатқа уағыз-насихат, игілікті іске қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтылды.
Рухани шара соңында әлеуметтік қолдауды қажет еткен 1 отбасыға 30 мың теңгеге бір тонна көмір, мектепте оқитын бірнеше оқушыға аяқ-киім табысталды.

Мухитдин БЕРДАЛИЕВ,
Диқан мешітінің имамы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін997
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5997
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35600
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242986

Серіктестер