Онлайн газет



ТҮТІН БАР ЖЕРДЕ…

Қазақстанда зияны ұшан-теңіз темекі түріне тәуелділер тыйылмай тұр. Кәдімгі темекіден бөлек, бір рет шегетін электронды шылымды әсіресе мектеп жасындағылар жиі тұтынады екен. Мұның құрамындағы никотин темекіден 2,5 есе көп. Депутаттар Үкіметтен осы мәселені шешуді сұрап отыр. Электронды темекінің саудасы қызғаны сонша, тіпті, Тараздың кәдімгі азық-түлік сататын дүкендерінде де көп екен. Сөреде түрлі түсті мұқабасы, сан түрлі дәмі бар «вейп» толып тұр. Бағасы 2 мың теңгеден басталады.
Электронды темекі саудасы интернетте де қызып тұр. Әлеуметтік желіні ашсаңыз, тауарды тәулік бойы үйіңізге тегін жеткізіп беретін пабликтер, түрлі жарнама жетерлік. Тіпті, қай жаста екеніңізге де бас қатырмайды.
Бұл темекілердің құрамында жасөспірімнің ағзасына өте ауыр тиетін улы, химиялық заттар мен ауыр металдар бар. Сондай-ақ кәдімгі шылымнан никотині екі есе көп. Әсіресе ағзасы толық жетіліп болмаған балалардың жүйке жүйесіне өте зиян.
Электронды темекі құрамы әртүрлі келеді. Түрлі химиялық қосындылар, ол никотин, формальдегид бәрі денсаулыққа өте зиян. Канцерогендік әсерлерден соң онкологиялық ауру тудыруы мүмкін. Мысалы, Вапинг – бүгінде темекі шегуге балама ретінде танымал бола бастады. Кейбір өндірушілер, бұл темекіні алмастырушы және денсаулыққа мүлдем кері әсерін туғызбайды деп мәлімдейді. Алайда олай емес. Құрамында никотин жоқ сұйықтықтарды қолдану да адам ағзасына теріс әсерін береді. Мұндай қоспалардың негізі – су, өсімдік глицерині және пропиленгликоль. Сонымен қатар белгілі бір дәм мен иіс жасау үшін әртүрлі хош иістер қосылады. Құрамында никотин де болуы мүмкін. Бұл ингредиенттердің барлығында тағамға қолдануға арналған халықаралық қауіпсіздік сертификаты (GRAS) бар. Бірақ сұйықтықты буландыру үшін оны қыздыру қажет, ал қыздыру процесінде бұл компоненттер мүлдем басқа қосылыстар түзеді.
Әсіресе жүкті әйелдер, аллергиямен ауыратындар, 18 жасқа дейінгі адамдар, сондай-ақ, темекі шекпейтіндер электронды темекіні мүлдем қолданбаулары керек. Электрондық құрылғыларды шегу – қатерлі ісік, өкпе және жүрек ауруларын тудыруы мүмкін. Ол никотинге тәуелділікті арттырады. Гепатит пен туберкулез ауруларының жұғуына себеп болады.

Индира БЕГАЛИЕВА,
дәрігер-терапевт.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1508
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8786
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26865
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234251

Серіктестер