Онлайн газет



ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Қостөбе ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сенім телефоны мен өтініштерге арналған жәшік қойылған. Жыл басынан казіргі уақытқа дейін азаматтарға арналған сенім жәшігіне және сенім телефонына өтініштер келіп түскен жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер дер кезінде қаралып, қолданыстағы заң аясында жауаптар мен түсініктемелер беріліп отырады. 2022 жылдың 10 айына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 76 өтініш келіп түсті. Аталған өтініштердің 75 қанағаттандырылып,  1 жұмыс барысында.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау бойынша аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамаларының орындалуы туралы ақпараттар жинақталып, аудандық құқық бөліміне жолданып отырады.
Әкімшілік ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету, электрондық портал арқылы ұсынылатын қызметтер,  ауыл тұрғындарына арнайы бұрыш жасалып орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жұмыс жоспарына сәйкес Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратында 2022 жылдың  10 айында «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Еңбек ұжымдарында, білім беру орындарында және қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыптарында округ қызметкерлері және ауылдық ардагерлер кеңесі өкілдерінің қатысуымен  семинар - кеңестер өткізілді. Жергілікті басылымда «Құқық бұзушылыққа жол берілмейді» атты тақырыпта мақала жарияланды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағытының бірі – оның  алдын  алу. Ол қоғамымыздың дамуына, еліміздің өркендеуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан ауылдық округте қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетпеу туралы мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Мадина Сейтказина,
Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1564
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада8233
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда37836
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245222

Серіктестер