Онлайн газет



СҰРАНЫСТАР ОРЫНДАЛАТЫН БОЛАДЫ

Жақында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ауданымыздағы бірнеше жеке және заңды тұлғаларды өздерінің жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков, аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, халыққа қызмет көрсететін мекемелердің басшылары қатысты.
Қабылдауға Кеңес, Көктал, Шахан, Жетібай, Абай, Сеңкібай, Сарыкемер ауылдарынан келген азаматтар жер мәселесі, жайылымдық жер, жұмыс мәселесі, су каналдарын жөндеу, жеке үйге газ кіргізу, үй шатырын салуға көмек көрсету, каналға көпір салу, мал суару суатын салу, көшені асфальттау, көшедегі электр бағаналарын ауыстыру тәрізді мәселелерді көтеріп, солардың орындалуына көмек сұрады.
Аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы барлық мәселелерді мұқият тыңдап, көтерілген ауылдардағы өзекті деген мәселелерді зерделеуді тиісті бөлім басшылары мен округ әкімдеріне тапсырды. Ал Жетібай мен Көктал ауылдарындағы жекелеген азаматтардың үйге газ кіргізіп беру мен үй шатырына қаржылай көмек сұраған  сұранысын заң аясында шешіп беру аталған округтердің әкімдеріне тапсырылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.11.2022 11:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1537
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5678
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31245
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201975

Серіктестер