Онлайн газет



ӘР АЗАМАТТЫҢ АБЫРОЙЛЫ БОРЫШЫ

2022 жылдың 20 қарашасы еліміз үшін тарихи күн ретінде ел есінде қалатын болады. Өйткені бұл күні өтетін Президент сайлауына біркісідей қатысқанымыз абзал. Әрі бұл күн еліміздің болашағы үшін маңызды. Осы күні әркім өзінің таңдауын дұрыс жасаса, ол біздің болашаққа деген үлкен қадамдардың бірі деп есептеймін.
Экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқаты және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған міндеттерді жүзеге асыру маңызды. Біз азаматтық борышымызды жүзеге асыра отырып, өзіміздің таңдауымыз арқылы жаңарған Қазақстанды құруға, елімізде әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам орнату үшін өз үлесімізді қосайық. Жаңа Қазақстанды жаңа идеялар, жаңа санамен, жаңа бағдарламалармен жасауымыз керек.
Әр азаматтың дауысы маңызды. Ауданның әр азаматы тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына ықпал ете алады. Олай болса, экономикасы қарыштап дамыған елімізді бірге құрайық! Бұл - ортақ міндет және үлкен жауапкершілік.

Бауыржан Наржанов,
жоғары дәрежелі хирург,  медицина саласының үздігі,
ауданның Құрметті азаматы.
Алматы қаласы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1431
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8709
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26788
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234174

Серіктестер