Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов бастаған облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабеков, мүшесі Шакизат Акимовтер  жақында аудандық келісім кеңесінде ауданымыздың ардагерлерімен кездесті.
Онда Оңласын Қарабайұлы алдымен аудандағы билер кеңесі жұмысының  жүйелі жүруіне атсалысып жүрген Түймекент ауылдық билер кеңесінің төрағасы Күнтуған Ақназаров, аудандық билер кеңесінің мүшесі Болат Ахметов, Ботамойнақ ауылдық билер кеңесінің мүшесі Әмірбек Бозғұловтарға облыстық  ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыс етті. Аталған азаматтардың ардагерлер кеңесінің ұстанған бағытын насихаттап, қоғамдық ахуалдың тұрақтылығын қалыптастыруға қосып отырған үлестеріне ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ билер кеңесінің танымдылығын арттырып, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, кейбір тұрғындар арасындағы пайда болған даулардың сотқа дейін шешілуіне қосып отырған үлестеріне ерекше тоқталып, олардың тындырымды тірліктеріне өз алғысын да жеткізді.
Бұдан кейін О.Есіркепов  жиналғандарға жақында ғана Тараз қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төралқасының  өткізген көшпелі отырысы, ондағы облыстық билер кеңесінің жұмысына жоғары баға берілгенін айтып  өтті.  Сондай-ақ облыстық билер кеңесінің биылғы жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы жиналған ардагерлерді хабардар етті. Жекелеген аудандардағы жақсы ұйымдастырылған билер кеңесінің жұмыстарына ерекше тоқталды. Ондай жақсы жұмыстар Мейірбек Болатбеков басқаратын біздің ауданымыздағы билер кеңесінің жұмысында да барлығы көңілімізге қуаныш ұялатты.
Оңласын Қарабайұлы алдағы жексенбі яғни 20 қараша күні елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетініне арнайы тоқталды.     
– Бұл сайлауда халқымыз өзінің біртұтастығын көрсете білуі маңызды. Мен еліміздің ертеңіне алаңдайтын азаматтардың аталған сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасағандарын қалаймын. Елдігімізді танытатын бұл саяси науқан - Президент сайлауынан біздің ардагерлерімізде шет қалмауы керек. Ардагерлеріміз өздері ғана емес, отбасылары, тіпті әрбір ауыл халқының сайлауға бір кісідей қатысуларына өз үлестерін қосулары қажет,-деді Оңласын аға өзінің қорытынды сөзінде.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлына әсерлі әңгімесі үшін ардагерлер атынан алғыс айтты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 18.11.2022 11:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін233
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8747
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38350
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245736

Серіктестер