Онлайн газет



ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Штаб мүшелері «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесіп, кандидат­тың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген елдің энергети­калық секторын дамыту жөніндегі шараларға назар аударды.
«Біздің міндетіміз – әрбір қазақстандыққа алдағы сайлаудың маңыздылығын жеткізу. Тұрғындарды 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын өтеуге шақырамыз. Бұл – еліміздің ертеңі үшін өте маңызды таңдау»,  - деді штаб мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлауалды бағдарламаның кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту және жалақыны арттыруға қатысты тармақтарына тоқталды. Бұдан соң балық өңдеу кәсіпорнының алаңында сала кәсіпкерлерімен бірлесіп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген балық шаруашылығын дамыту және су нысандарының экожүйесін қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін473
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9449
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27528
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234914

Серіктестер