Онлайн газет



ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ САҚТАУ – ПАРЫЗ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың бірі Мейрам Қажыкен Алматыда тарих және мәдениет қызметкерлерімен кездесті.
«Алатау» театрында өткен кездесуде ол өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мәдениет саласындағы маңызды сұрақтарға жан-жақты тоқталды.
«Мәдениет арқылы елде толеранттылық, азамат­тық және патриотизм қалыптасады. Ұлттық мәдениетті дамытумен қатар тұтас халқымыздың бірлігін бекемдейтін мәдени дәс­түр­лерді үйлесімді дамыту қамтамасыз етіледі», - деді ол.
М.Қажыкен тамыры тереңге жайылған ұлттық мәдениетті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Тарихшылар мен мәдениет қайраткерлері әлемнің Қазақстанмен, қазақ әдебиетімен және театр, киноларымен, республикада тұратын барлық этностар­дың дәстүрлерімен танысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар қазақстандықтарды әлем­­дік мәдениетпен байланыстырады. Сіздердің жұмыс­­тары­ңыз, еңбектеріңіз өте маңызды», деді кандидат.
Кездесуден кейін Мейрам Қажыкен «Мұхамеджан Тыныш­баев – ғасыр адамы» деректі фильмінің көрсетілі­міне қатысты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1215
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7232
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32799
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203529

Серіктестер