Онлайн газет



МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЗӘРУ

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысында болып, Сарайшық ауылының дәрігерлерімен кездесті. Кездесуде ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды.
Ауылдардағы инфрақұрылымның өзекті проблема­лары­ның бірі – медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету. Тұрғындардың тұрақты жұмысы болмағандықтан меди­циналық сақтандыру қорына түсетін түсімдері жоқ. Сол себепті мемлекет тарапынан көрсетілетін медици­налық көмек ауылдықтарға арман күйінде қалып отыр.
«Тығырықтан шығудың басқа жолы бар. Ол – жеке үй шаруашылығы кооперациясын құру. Бір ЖҮШ-те ең кемі екі адам – ері мен әйелі жұмыс істейді, яғни өзін-өзі қамтамасыз етеді. Олар өндірген ауылшаруашылығы өнімін кооперативке өткізсе кооператив олардан салықты ұстап қалуға міндетті. Осылайша, қаражаттың бір бөлігін әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру қорындағы жинақтау шотына аударуға болады. Бұл үй шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтарды меди­цина­лық қызметпен қамтамасыз етуге көмек болады», - деді Ж.Дайрабаев кездесу кезінде.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1463
mod_vvisit_counterКеше1517
mod_vvisit_counterОсы аптада6506
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда24585
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2231971

Серіктестер