Онлайн газет



ӨҢІР ЭКОЛОГИЯСЫНА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде аймақтағы күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселенің бірі – ауаның ластануына қатысты ойын ашық білдірді.
С.Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр.
Экологтер Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап өтті. Су сапасының бұзылуына ауыр металдар қатты әсер етеді. Шенеуніктер мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды, бірақ жағдайды жоюға қаражат жеткіліксіз екенін айтады.
«Еліміздің шығысы – Семей ядролық сынақ полигоны траге­диясының «мәңгілік мұрагері», оның зардаптары әлі күнге дейін халқымызды алаңдатып келеді. Әртүрлі мәлімет­тер бойынша, Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам сы­нақ­тардан зардап шеккен, 300 мың шаршы шақырым жер ластан­ған. Бұл – орасан зор көрсеткіш. Жергілікті тұрғын­дар мен туристер кейде осы аумақта орналасқан көлдер­де шомылады, Атом көлінің балығын тұтынады»,  - деді кандидат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін738
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада7407
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда37010
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2244396

Серіктестер