Онлайн газет



ӘЛЕУЕТІ ЗОР КИЕЛІ МЕКЕН

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Түркістан қаласының жұртшылығымен жүздесу кезінде киелі мекеннің отандық туризмді дамытуда зор әлеуетке ие екенін атап өтті.
Кездесу барысында жиналған жұртқа өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырған кандидат қоғамдағы өзекті сұрақтар мен туризм саласын дамыту мәселелеріне де тоқталды.
Қ.Әбден атап өткендей, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары көп шоғырланған Түркістан шаһарының туризмді дамытуда әлеуеті зор.
«Түркістан – барша түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті жер. Ежелден-ақ «екінші Мекке» деп атанып кеткен қазақтың рухани астанасы көптеген саяхатшылардың қызығушылығына ие болып отыр. Түркістанның тарихи маңызын және осы өңірде шоғырланған киелі жерлердің көп екенін ескере келе, алкогольді ішімдіктерді сатудан бас тартқан алғашқы қалалардың бірі атануына барлық мүмкіндік бар», - деді Қ.Әбден.
Кездесуге сондай-ақ өңірлік туризм саласының өкіл­дері қатысып, бұл бағыттың өзекті сұрақтарын ортаға салды.
«Бізге шетелден көп туристер келеді, бірақ ішкі туризм нарығын да дамыту керек. Аймақтың инфрақұрылымын да назардан тыс қалдырмаған жөн»,-деді туристік компанияның өкілі Мөлдір Мәлібекова.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін453
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9429
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27508
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234894

Серіктестер