Онлайн газет



ИНФРАҚҰРЫЛЫМДА ПРОБЛЕМА КӨП

Ақтау қаласындағы Абай атындағы Мәдениет сарайында сайлаушылармен кездескен Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев өңірдегі өзекті мәселелерге қатысты ойларын бүкпесіз жеткізіп, нақты ұсыныстарын айтты.
Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев батыс өңірлерде инфрақұрылым мәселелерінің әлі де түйіні тарқамай отырғанын атап өтті.
Кандидаттың пікірінше, мемлекетті басқару үлгісін президенттік биліктен парламенттік-президенттік билікке ауыстыру арқылы ғана бұл тығырықтан шығуға болады. Бұдан бөлек Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында мұнай-газ секторының ірі кәсіпорындарын ұлттандыруды ұсынады. «Тек осындай нақты қадамдар арқылы ғана еліміздегі жұмысшылардың еңбек шарттарын жақсартуға болады», - дейді ол.
Сонымен бірге Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдар­ламасында қазақстандықтардың өмір сапасы­ның стандартын енгізу ұсынылады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін780
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4081
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда33684
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241070

Серіктестер