Онлайн газет



САЙЛАУШЫЛАР МЕН САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА

Сайлаушыларды тіркеу

Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізуге сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады.
Әділет органдары Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар болып табылады.
Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерін тіркеу:
● олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), ішінара жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын;
● оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздерде, сондай-ақ тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша тұрғын үйде тұру құқығын беретін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтарды тіркеу:
Азаматтардың жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлік бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша үш айдан астам мерзім бойы тіркелмей тұруы ескертуге немесе бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұлға әкеліп соғады.
Сайлаушылардың тізімі:
Сайлауға қатысуға қажетті шарт сайлаушылар тізіміне сайлаушылардың енгізілуі болып табылады.
Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімдік жасайды.
Сайлау тағайындалған сәттен бастап әрбір сайлаушы тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірілмей
Егер сізге сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіздің болмайтыны белгілі болса, сол жердің әкімдігіне сізді сайлау күні өзіңіз болатын жер бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда тиісті әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады.
Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады.
Сіз сайлаушылар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніңіз, дұрыс енгізілмегеніңіз немесе тізімнен алынып тасталғаныңыз, сондай-ақ тізімдегі сіз туралы деректерде жансақтықтар жіберілгені үшін шағым жасауға құқылысыз.
Тізімдерге түзетулер енгізу қажеттігі туралы өтініштерді учаскелік сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.

Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде
Сіз өзіңіздің болу орныңызды ауыстырған кезде өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінесіз, ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күні алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады.
Дауыс беретін күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сізді келген орныңыз бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

Сайлау күні
Дауыс беру сайлау күні, сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.
Сайлаушы өзі дауыс береді. Сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сізге сайлаушылар тізімінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігіңізді көрсеткен кезде беріледі.
Сіз сайлаушылар тізімінде бюллетеньдерді алғандығыңыз туралы қол қоясыз.
Сайлау бюллетеньдерін сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Оларды толтыру кезінде сізден басқа кімнің болса да кіруіне тыйым салынады.
Егер бюллетеньдерді өз бетіңізше толтыруға мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда, өзіңіз сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылысыз. Оның аты-жөні дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне тіркеліп, тұсына сіздің бюллетень алғандығыңыз туралы қолыңыз қойылады. Мыналар:
● сайлау комиссиясының мүшесі;
● жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
● кандидаттың немесе саяси партияның сенім білдірілген адамы;
● бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі-журналист;
● тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы ондай адам бола алмайды.

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірмей
Егер сіз:
● денсаулығыңыздың  жай-күйі бойынша;
● науқас отбасы мүшесін күту себебі бойынша;
● сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болып, дауыс беруге келе алмайтын болсаңыз, учаскелік сайлау комиссиясына өзіңіз болатын жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Учаскелік сайлау комиссиясы сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.

Электрондық дауыс беру жүйесінің артықшылықтары
Орталық сайлау комиссиясы қағаз бюллетеньдермен бір уақытта электрондық бюллетеньдер пайдаланылатын сайлау округтері мен учаскелерін айқындайтын болады.
Электрондық дауыс беру жүйесі көптеген елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеп Қазақстанда табысты сыналғанын естеріңізге саламыз. Оның артықшылықтары сайлаушылар үшін қолданудағы қарапайымдылығы мен қолайлылығы, сайлау процесінің жоғары дәрежедегі ашықтығы мен объективтілігі, дауыс беру нәтижелерін санаудың жеңілдігі мен шапшаңдығы болып табылады.
Республикамызда жоғары технологияларды өміріміздің барлық салаларына енгізуге басымдық беріліп отырғаны белгілі. Электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, сіз де Қазақстанда инновацияларды белгілі бір шамада алға жылжытуға көмектесесіз, барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының жұмыс тиімділігін елеулі дәрежеде арттыруды қамтамасыз етесіз, электрондық дауыс беру жүйесіне деген сеніміңізді көрсетесіз.

Сайлау туралы ақпаратты алу үшін кімге жүгінуге болады?
Ниет білдірген барлық азаматтарымыздың елімізде болып жатқан сайлау процесі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ғаламдық интернет желісінде өзінің www.election.qov.kz сайтын ашты. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты өздеріңізді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша аумақтық, округтік немесе учаскелік сайлау комиссияларына жүгінуіңізге болады.
Егер сіз Сайлау туралы заңды бұзушылықтар болды деп есептесеңіз, заң бұзушылық жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссияларына, сотқа немесе прокуратура органдарына жүгінуіңізге болады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1185
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4486
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34089
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241475

Серіктестер