Онлайн газет



МӘМС МӘН-ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) мәселелері бойынша аудан тұрғындарымен жиын өтті.
Оған облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары Ғайни Аймағанбетова, ауыл және ауылдық округ әкімдері, аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев баяндама жасады.
Онда ағымдағы жылдың 9 айында сақтандырылмағандар саны 19466 адам, 20,9 % құрайды. Аудан тұрғындарының саны тіркелген халық тізілімі (РПН) бойынша – 93031 адам. Оның ішінде 5396 жұмыс жасаушы сақтандырылмағаны анықталды. Сонымен қатар БЖТ төлейтін сақтандырылмағандар 12354 адам. Бүгінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық орталық ауруханасымен келісім жасалып, медиа-жоспар бекітілген.


Әрмен қарай Ғайни Төленқызы әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, оның халыққа қажеттігі жайында кеңінен тоқталып өтсе, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Саттарқұлұлы медициналық сақтандыруды халық неғұрлым көп таңдаса, жүйе соғұрлым тұрақталатынын айтты.
Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Арайлым Нарбатырова.

Обновлено 18.11.2022 11:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін145
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8659
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38262
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245648

Серіктестер