Онлайн газет



ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Жақында Сарыкемер ауылы  №3 Байзақ колледжінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді.  Шараның  мақсаты–білім беру мекемелеріндегі өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен колледж қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру.
Сабақ барысында колледждің оқу корпусының 2-қабатындағы оқу кабинеттерінің бірінен  өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мектеп қызметкерлерімен ғимараттан барлық қызметкерлер, оқытушылар мен тыңдаушылар қауіпсіз орынға көшірілді.  Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру  бөлімшесі жедел жетіп,  зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 1 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды.  Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, медицина қызметіне тапсырды.


Жалпы өрт-тактикалық сабаққа Өрт сөндіру бөлімінен 1 (АЦ-5-40)  бірлік өрт сөндіру автокөлігі, сондай-ақ 1 жедел медициналық көмек бригадасы және жергілікті полиция қызметкерлері 1 жедел қызметтік автокөлігімен  жұмылдырылды.
Сабақ барысында №3 Байзақ колледжі  мен Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сондай-ақ,  тиісті нұсқаулар айтылып, шара жоғары деңгейде өткізілді  деп бағаланды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 18.11.2022 11:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1361
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6361
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35964
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243350

Серіктестер