Онлайн газет



ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ - ҰЛЫ ШАРУА

Ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және сексуалды сипаттағы әрекеттердің алдын алу және болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қатысты заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес, қатыгездікпен қараудың бар-жоғын анықтап,  көмек көрсету шараларын қарау ұйымдастырылған.
Атап айтқанда, Ботамойнақ ауылдық округіндегі С.Абланов атындағы орта мектебінде 2022 жылғы оқу жылының ІІ-тоқсанында отбасылық тәрбиені насихаттау және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында оқушылармен кездесулер өткізілді. С.Абланов атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары және олардың ата-аналары, ауылдық округ әкімі, аппарат қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторы, ИДН қызметкерлері, ардагерлер алқа кеңесі мүшелері және дәрігерлік емхана қызметкерлері  қатысқан кеңейтілген жиналыста кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру бойынша құқықтық сауаттылықты  арттыру туралы әңгімелер өтті. Зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін хабарлаған немесе болдырмауға үлес қосқан адамдарды мадақтау шараларын қарастыру қолға алынғандығы айтылды.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бұл бағыттағы жұмыстар ауылдық округте жүйелі атқарыла беретін болады.

Шындос Төлегенов,
Ботамойнақ ауылдық  округі әкімі  аппаратының  бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1206
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8484
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26563
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2233949

Серіктестер