Онлайн газет



Спорт- денсаулық кепілі


дегендей, спортпен шұғылданған адамның дені сау, рухы биік болатыны  баршамызға аян. Сондықтан болар бүгінде спортты жанына серік еткендер  қатары күн санап өсіп келеді.
Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында біздің еліміздің

намысын қорғайтын спортшыларымызды қолдау мақсатында барлық білім ошақтарында іс-шаралар өткізілуде.Жақында М.Мәметова атындағы негізгі мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қуандықова мен ұйымдастырушы-педагог М.Изенбаевтың  бастамасымен «Ақ барыс», «Қыран» топтарының қатысуымен  «Салауатты Қазақстан» тақырыбында қысқы қимылды ойын түрлерінен жарыс өтті.
Онда мектеп директоры Б. Бахтыбаева сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауында айтылған саламатты өмір салтын ұстанудың маңызына тоқталды,  жастарымыздың шыныққан, шымыр болып өсуі үшін  спортпен достасудың пайдалы жақтарын сөз етті. Бұдан соң  сайыс қыза жөнелді.   «Топты таныстыру», «Аққала жасау», «Қармен нысана дәлдеу», «Шанамен эстафеталық сырғанау», «Қысқы киімдерді жылдамдықпен киіну», «Топ басшылар сайысы» кезеңдерінен тұрған жарыстың жекелеген бөлімдерінде топтар бірінен-бірі асып түсіп, белсенділік танытты. Соңғы айналымда топ жетекшілері Қ.Сайлауов, А.Төлеуов, Т.Қойшыбаев өз тобының намысын қолдан бермей жеңімпаз атануға бар күш-жігерлерін салды.
Жарыс қорытындысы бойынша  «Қыран» тобы жеңіс шыңына көтерілді. «Тұлпар» мен «Ақ барыс» тобы  тең түсіп, екінші орынға табан тіреді.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 17.02.2014 12:14
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін327
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3056
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63805
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109615

Серіктестер