Онлайн газет



Насихат тобы-ауылдарда

Ағымдағы жылғы тамыз айының 15-і мен 17-і аралығында облыстық және аудандық  ақпараттық-насихаттық  топтың мүшелері аудандағы барлық елді мекендердегі тұрғындармен  кездесіп, Елбасының Жолдауы негізінде насихат жұмыстарын жүргізді.



Үстіміздегі жылғы 27 қаңтардағы Мемлекет басшысы  Н.Назарбаевтың “Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты”  атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды түсіндіру және жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар туралы ой бөлісіп, пікір алмасу мақсатында  болған облыстық ақпараттық-насихаттық топтың басшысы Берік Масат  Көктал ауылы тұрғындарымен жүздесіп,  Елбасымыздың  басшылығымен елімізде дағдарысқа қарсы бағдарлама құрылып, соның негізінде республикамызда кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқандығы, әрі облыс орталығында қолға алынған  ауқымды шаралар  туралы кеңінен сөз етті.
Жүздесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер туралы ойларын ортаға салды.
Көптерек ауылдық округінде  өткен кездесуде облыстық ақпараттық-насихаттық топты бастап келген Жамбыл облысы әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімінің меңгерушісі Балжан Пернебекова мен насихат тобының мүшесі, аудандық аурухананың бас дәрігері Р. Сапарбековтер ауыл тұрғындары алдында Елбасының  “Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басты бағыттар мен міндеттерді түсіндірді. Жолдаудағы  негізгі он бағыт бойынша  жүктелген міндеттер жөнінде  Жамбыл облысы әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімінің меңгерушісі Балжан Пернебекова  жан-жақты айтты.
Жүздесу барысында  ауыл тұрғындары Жолдауының басым  бағыттарынан туындаған сауалдарына нақты  жауаптар алды.

 

Обновлено 20.08.2012 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін128
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3282
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33422
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824628

Серіктестер