Онлайн газет



Берекесіз мереке

Ш. Кенжалиев,
Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп –гимназиясының іс-тәжірибеден өтуші.

14-ші ақпанда,
Таң бозарып атқанда.
Көшеге шықты шал-кемпір,
Жазып алмаққа бойды,
Қол ұстасқан жастарға таяп,
Кемпірі шалына сұрақ қойды.
-Шал-ау, бүгін қандай күн өзі?
-Бүгін Петрдің ұлы Валентиннің туған күні,
Яғни, христиандардың тойын тойлап,
Қазақтардың «қуған» күні.
-Ойбай, не дейді?
Айтып тұрғаның тіпті ақылға кірмейді.
Мына жастар қазақтың,
Россияның боданында болғанын,
Қалайша білмейді.
Орыстың қамын ойлайтындай,
Солардың тойын тойлайтындай.
Бізге не жақсылық жасап еді,
Керек болса қолдан аштық жасап,
Тамағымызды тартып жеп «асап» еді.
Жаңа жылдарың анау,
Валентиндерің мынау,
Не болған сендерге.
Үлгі алмайсындар ма, қарап мына біздерге?!
Кетірген елден береке,
Бұл не қылған мереке.
Ұят-ай,ұят.
Баяғыда біз қандай едік,
Шіркін-ай!
Шекер қосып пісірген нандай едік.
Ата- анамыз:
Үлкендерге қарап сөйлетпейтін,
Даңғаза музыкаға билетпейтін.
Тіпті, көшеде жөн-жосықсыз жүргізбейтін,
Әлем-жәлем киімдерді кигізбейтін,
Есікті қағып келіп тұрған жігітті,
«Аулақ жүр» деп кіргізбейтін.
Бұрынғының қыздары ерін түгіл,
Қолдарынан да сүйгізбейтін.
Ал, қазіргі жастардан сән кетіп тұр,
Істеген қылықтарынан мән етіп тұр.
Батыстың таңсық болған мәдениеті,
Олардың көбісіне «жан» беріп тұр.
Айналайын жастар, естеріңді жиыңдар,
Бейәдеп қылықтан өздеріңді тыйыңдар.
Қозы менен Баяныңды ұмытпай,
Валентин күнін тойлауды қойыңдар.
-Дұрыс айтасың кемпірім
Аталы сөзді  айтқаныңа  елтідім.
Миы бар адам болса ойланар,
Әлі-ақ 15-ші сәуір,
Ғашықтардың мерекесі болып тойланар-
деп ашынған кемпірін жұбатты,
Бұл ойын қосағы да ұнатты.

*   *     *
Мұны жазғандағы себебім,
Өз мерекеміз тойлансын дегенім.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін348
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3077
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63826
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109636

Серіктестер