Онлайн газет



СОТҚА ДЕЙІНГІ ХАТТАМА ТОЛТЫРУ ТАТУЛАСТЫРУДЫҢ ОҢАЙ ШЕШІМІ

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне (бұдан әрі-АПК) сотқа дейінгі хаттама бойынша толықтырулар енгізіліп, жаңашылдықтар жыл басынан қолданысқа енген болатын.
АПК-нің 73-бабы 1-бөлігіне сай, дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады. Онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.
Егер дәлелдемелерді ұсынған тұлғалар оларды істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін.
Сотқа дейінгі хаттаманы тараптардың өздері де, медиаторлар мен адвокаттарға жүгіну арқылы жасауға болады. Онда тараптар бір-біріне дәлелдемелерді ашып, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқаларын ұсына алады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында медиация тақырыбына ерекше тоқталған болатын. Ол өз сөзінде дау-дамайды шешудің баламалы тәсілдерін де дамыту қажет екенін, бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге жол ашатынын, дамыған елдерде мұндай институттар өзін-өзі таныта білуде екенін, сонымен қатар осыдан он жылдай уақыт бұрын «Медиация туралы заң» қабылданып, алайда қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналыспайтынын, оған қоса айқын мемлекеттік саясат байқалмайтынын және бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек деп айрықша атап өтті.
Осыған байланысты дауды сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы аяқтау тараптарға азаматтық іс қорғалғанға дейін дәлелдемелермен алмасуға, сол арқылы даудың нәтижесін пайымдауға, уақытын үнемдеуге, сондай-ақ бұрынғы қарым-қатынасты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Айкерім Телесбаева,
аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін92
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8606
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38209
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245595

Серіктестер