Онлайн газет



АНА ТІЛІМ - АЙБЫНЫМ

Тіл – тәрбие діңгегі, тіл білім – ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тіліміз – мемлекеттің нышаны.
Тіл - ұлт рухы. Халқымыз «Тіл - жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады», - деп жатады. Қазақ тілі өте бай, шұрайлы тіл. Ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту, бір сөзбен айтқанда ғылым, білім, техника тілі дәрежесіне жеткізу міндет.
Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі. Тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, ана тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді.
«Тіл тазалығы - жан тазалығы», «Тілін қадірлемеу - өзін қадірлемеу» дегендей, тілдің қадірі туралы ел аузында даналық сөздер көп айтылған. Ана тілі - қазақ тілі, бай мұрасын саф алтындай сақтап, қадір тұту-ортақ міндетіміз.
«…Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы керек» депті  халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев. «Тілімізді кіршіксіз таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз» деген екен Шоқан Уәлиханов. Демек ана тіліміздің қолданыс аясын мейлінше кеңейту, мәртебесін биіктету, тіл тазалығы үшін күресу - бұл әрқайсымыздың перзенттік парызымыз бен қарызымыз.

Дәулет Қалтай,
аудандық соттың бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін744
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4440
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда12724
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2939739

Серіктестер