Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама ел тұрғындарының қолжетімді мемлекеттік қызмет алуына жол ашып отыр. Сонымен бірге, мекеме қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық көріністерінен барынша қашықтатып, қызметкер жұмысын ашықтыққа негіздейді. Жемқорлықсыз қоғам құру үшін әр адам өзінің құқықтарын, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білуі тиіс.
Бұл тұрғыда аудан әкімдігі қаржы бөлімінде  жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі күнделікті атқаратын жұмыстары электронды форматта  жүргізіледі. Аудан бюджетінің атқарылуы бойынша істелетін есеп-қисаптар тек 1-С мекеме, 1 -С бухгалтерия  бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда. Барлық құжаттар электронды қолтаңбамен бекітіледі. Бұл дегеніміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы жақсы қадамдардың бірі.
Қоғамға жат,  кереғар құбылыспен бірігіп күрескенде ғана нәтиже болмақ. Жемқорлықсыз қоғамда өмір сүру және әділетті қоғамды құру бүгінгі күннің басты талабы.

Қанай Жүзбаев,
аудан әкімдігі  қаржы бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін761
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6778
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32345
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203075

Серіктестер