Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАН БОТАКӨЗ

Өскелең ұрпақ – еліміздің ертеңі. Бүгінде саналы ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағына айналып отырған Кеңес ауылындағы №3 орта мектебі дарынды оқушылардың талантын танып, болашағын жарқын етуде өз үлесін қосуда. Осы орайда, оқушылардың бейімділігін анықтап, өнерін шыңдап, түрлі байқауларға қатыстырып жүрген ұстаздар қауымының еңбегі елеулі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылды «Балалар жылы» деп жариялауына және Білім күніне орай, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Нұр - Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залында өткен "Сәби бақыты" қайырымдылық концертіне қатысқан Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызмет алушысы, Кеңес ауылындағы №3 орта мектептің №11 «ә»-сынып оқушысы Баймұрат Ботакөз еліміздегі эстраданың танымал әншілерімен өнер көрсетті.
Әрбір адамға ұмытылмас тәжірибе мен эмоция сыйлау мақсатын көздеген «Баққасымов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 жылдан астам уақыттан бері республикалық концерттер ұйымдастыруға, телевизиялық жобалар өткізуге атсалысып келеді. Бұл іс-шарада эстраданың танымал әншілері мен еліміздің бірнеше өңіріндегі балалар үйінің, мүмкіндігі шектеулі ерекше балалар, мүгедектік топтағы дарынды (вокалдық қабілеті бар) бүлдіршіндері бірлесе өнер көрсетті.
Сәби шақтан әннің құдіретіне елітіп, тұла бойына сиқырлы сазды сіңіріп өскен Ботакөз Жәнібекқызы отбасының үлкені. Өзінен кейінгі сіңлісі Аягөз бен інісі Жалғасқа үнемі қамқорлық танытуы ата-анасы Жәнібек пен Панардың тәрбиесі. «Баққасымов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің онлайн режімде ұйымдастырған байқауына аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету құрылымдық бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Камшат Азимбекованың қолдауымен Ботакөздің ән айтқан видеосы мен аудиосын жіберіп, еліміздің бас қаласында өтетін «Сәби бақыты» қайырымдылық концертіне берілетін жолдаманы иеленді.
Ботакөз бұл байқауда патриоттық бағыттағы «Қазағым» әнін эстрада әншісі Доспен бірге орындаған. Жетекшісінің айтуынша, кішкентай талант иесі болашағынан зор үміт күттіреді. Оның әрбір дыбысының нотаға түсуі өзінің дауысын ұстай алуы, ән әуезін келтіре орындауы ерекше екен.
Алар асуы биік Ботакөздің бұл жетістігі өзі білім алатын №3 орта мектепте зор ілтипатпен атап өтілді. 17 жасар әншіні ауыл әкімі Самат Күсемісов, мектеп директоры Бибігүл Кутумбетова, мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар, Ботакөздің сыныптастары қошеметпен қарсы алды. Ботакөз эстрада әншілерімен болған сәттерін әңгімелеп, өзіне қолдау көрсеткен аға буынға ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде ауыл әкімі мен мектеп әкімшілігі сый-сияпаттарын ұсынып, құрмет көрсетті.

Обновлено 16.09.2022 10:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін176
mod_vvisit_counterКеше934
mod_vvisit_counterОсы аптада4788
mod_vvisit_counterӨткен аптада7494
mod_vvisit_counterОсы айда2067
mod_vvisit_counterӨткен айда24194
mod_vvisit_counterБәрі1756591

Серіктестер