Онлайн газет



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРІЛДІ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында Әскерге шақыру комиссиясы мүшелеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов, облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі, облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы, полковник Ермек Абдуллаев, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Диана Исқақова, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Ерболат Әбілдаев, бөлім қызметкерлері, аудандық полиция, орталық аурухананың жауапты қызметкерлері , ауыл, ауылдық округтердегі әскери есеп жүргізуші мамандар қатысты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Т.Жамалов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Онда алдымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы Тұрсын Ерсейітов «2022 жылғы әскер қатарына шақыруға көктемгі жасақ жоспарының орындалуы және күзгі науқанға дайындық жұмыстары туралы» баяндады. Баяндамадан байқағанымыз әскерге көктемгі шақыруға 128 азамат жоспарланса, 134 азамат әскерге жіберілген. Демек, жоспар артығымен орындалған. Олардың ішінде 121 қазақ болса, қалғандары басқа ұлт өкілдері. Жастарды әскер қатарына жіберуде округтер арасында Бурыл, Ынтымақ, Сазтерек ауылдық округтерінде жақсы жұмыстар ұйымдастырылған. Ал биылғы жылдың күзгі әскерге шақыру науқанына 127 азаматты жіберу жоспарланып отыр. Бүгінде оған дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жиында аудан әкімдігі мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Жалғас Назарбек «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша айтып берді. Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату бойынша 2 өтінім түссе, оның біреуі орындалып, екіншісінен бас тартылған. Ал әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметі бойынша 338 өтінім түскен. Оның 324 орындалса, 14-нен бас тартылған. Аудан әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мерзім бұзу фактілері және заң бұзушылықтар орын алмаған.
Баяндамашыларға Диана Исқақова тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауаптар берілді. Ал Ермек Абдуллаев  аудан әкімдігі мен аудандық қорғаныс бөлімінің жастарды әскерге жіберу жөніндегі жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді. Ал кейбір аудандарда бұл жүйелер орындалмай жатса, Тараз қаласында бұл көрсеткіш ең төмен жағдайда екенін жасырмады. Алдағы уақыттарда да осылай аудан әкімдігі мен қорғаныс бөлімі бірлесе жұмыс жасай берсе нәтиже болатынын айтты. Сондай-ақ аудандық полиция, денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлері, ауыл, ауылдық округ мамандары да бұл жауапты науқанға баса назар аударғандары дұрыс болатыны айтылды. Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары әскерге шақырушылар арасында әртүрлі деңгейдегі ауру белгілері бар болып, әскерден қалуға әрекет ететіндер саны ұлғайып бара жатқаны сөз болды. Сондықтанда әсіресе дәрігерлер балалардың денсаулығын мұқият тексеріп, қателікке жол бермеулері керек екені баса айтылды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Т.Жамалов қорытындылады.

Сүндетулла ӘБІЛОВ  
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 14.09.2022 16:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін935
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5935
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35538
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242924

Серіктестер