Онлайн газет



ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Табиғат- бұл бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өйткені  қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығы адам баласына 
қуаныш сыйлайды.
Шындығында да  өзімізді қоршап тұрған ортаның айнадай  жылтырап,  таза да көрікті болуы үшін  күн-түн демей тынымсыз   тер төгіп жатырмыз. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтарын тазалауға табиғатта мүмкіндік жоқ.
Қоршаған ортаның таза ұстау – әрбір азаматтың басты міндеті. Аудан аумағында 2022 жылдың 1 қыркүйегі мен қарашаның 1-іне дейінгі аралықта қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстарының екі айлығын өткізу туралы аудан әкімдігінің  17 тамызда № 324 қаулысы қабылданған. Құрамында 11 адамнан тұратын штаб құрылып, жұмыс жоспары бекітілген болатын.
Күзгі  көріктендіру, көгеріштендіру және тазалықтың екі айлығы аясында өткен аптаның сенбісінде  сенбілік ұйымдастырылды. Айтулы шараға 1683 адам, 2760 ақылы қоғамдық жұмысшылар қатысты.
Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын сапалы атқара білді.
Шара аясында 110 тал дарақтар отырғызылып, 1275 дана  ағаштардың бұталары бұталды. Қоғамдық ғимараттардың бас келбеттері, тұрғын үйлердің сырт пішіні мен қоршауы ретке келтірілді. 17 дана ескерткіштің аумақтары көркейтіліп, 6709 шаршы метр саябақтар, скверлердің аумақтары тазаланды. 60 дана  жол бойындағы бағандар сырланып, 32,7 шақырым канал, арықтар, 60,8 шақырым көше мен аула,  35,5 шақырым жер күл-қоқыстан тазартылды.

Арайлым Нарбатырова.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1534
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7551
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33118
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203848

Серіктестер