Онлайн газет



МІНДЕТ - ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ

Құқық  бұзушылық  жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», -деп көрсетілген. Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау және алдын алу, оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде-өскелең ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру, оның  мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы  зор. Құқықтық тәрбие беру жан-жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы саналады.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың,  құқық  бұзушылықтың алдын алу. Құқық бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайлардың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие  беру, Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, әр жастың санасына құқықтық нормаларды жеткізу, оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру маңызды екені анық.
Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен- ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар іске асырылуда.Мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жастар серуендейтін, кешкі уақыттарда демалатын саябақтар қатары күн санап өсіп келеді. Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру-баршаға ортақ  міндет. “Тәрбие-тал бесіктен басталады” дегендей,  өсіп келе жатқан жастарды құқықты құрметтеуге, әділдікті, борышты, заң алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу ата-анаға жүктеледі. Мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздікті қалыптастыру, тәуелсіздікті тұғырлы ету әрбір қазақстандықтың міндеті саналады.
Қоғамда келісім мен тұрақтылықты нығайту, азаматтардың, соның ішінде кәмелетке толмаған жастардың құқық бұзушылық әрекеттерге бармауын қадағалаудың беретін нәтижесі аз болмасы анық. Сондықтан кез келген құқық бұзушылыққа жол бермеу арқылы ұрпағымыздың болашағына дұрыс бағдар беретін боламыз.

Сәкен Сыздықов,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін86
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8600
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38203
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245589

Серіктестер