Онлайн газет



Облыс прокурорының қабылдауында

Егеменді елімізде қоғамымызды демократияландыру шаралары дерлік барлық салаларда жүргізіліп келеді. Ондағы басты мақсат – халыққа жақын болу, мұң-мұқтажын тыңдап, жағдай жасау, Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында қолданыстағы заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын

қамтамасыз ету. Осындай мүддені көздеген көптеген салаларда жаңа реформалар жүргізіліп, бүгінде оң нәтижелерін беріп жатқандығын ешкім де жоққа шығара алмайды.
Міне, осындай қоғамымызды демократияландыру бағытында, көп жылдар бойы жүргізіліп, бүгінгі таңда жақсы үрдіске айналған шараның бірі ретінде облыс деңгейіндегі құқық қорғау салаларының бірінші басшыларының ауыл-аймақтарға шығып, тұрғындар арасында қабылдаулар өткізуін атауға болады.
Жергілікті басылым бетінде алдын ала жарияланған хабарландыруларға сәйкес, өткен сәрсенбіде аудандық прокуратура ғимаратында облыс прокуроры, аға әділет кеңесшісі Е.Сыбанқұлов аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауда болған Жаңатұрмыс ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер О.Бердиходжаев балаларын жұмысқа орналастыру, сонымен бірге мүгедек баласын қаладағы арнайы емдеу-демалу орындарына әлеуметтік сала жүйесі арқылы орналастыру мүмкіндіктерін сұраса, адвокаттар А.Саулембаев пен Е.Мұсабековтер кезегімен өз өндірістеріндегі қылмыстық істерге байланысты түйінді мәселелер бойынша, Сарыкемер ауылының тұрғындары Ж.Шайдилдаева шаруа қожалығына, зейнеткер С.Жамангараев жабылып қалған мал базарына қатысты, ал жетібайлық зейнеткер Ж.Қазыбаев ауылдағы мал ұрлығына байланысты сұрақтарын қойып, көтерілген мәселелер бойынша  қолдау көрсетуін сұрады.
Өз кезегінде облыс прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ернат Мұхаметқалиұлы қабылдауда болған әрбір азаматты мұқият тыңдап, оларға заң талаптары негізінде түсінік беріп, кейбірі бойынша тиесілі құзырлы органдарға қажетті тексеру жұмыстарын жүргізуді міндеттесе, енді біріне шара қолдану туралы тапсырмалар берді.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 06.02.2014 15:44
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2885
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11207
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74685
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120495

Серіктестер