Онлайн газет



Құрылысшының қолы алтын

Бейсенбі күні аудандық әкімдіктің мәжілістер залында аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев Құрылысшылар мерекесіне орай бір топ құрыш қолды кәсіп иелерін мерекемен құттықтады.

 


Аудан басшысы аймақтағы жетекші сала мамандарының мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жемісті жұмысына тоқтала келе, қадірлі кәсіптің бірі-құрылысшы  мамандығы екендігін, олардың еңбек іздері мыңдаған тұрғын үйлер мен түрлі қызмет көрсету ғимараттарында, мектептер мен балабақша, lденсаулық сақтау салаларында, мыңдаған шақырым жолдар мен су құбырларында  сайрап жатқандығын айта келе мәртебелі мамандық иелерін мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Аудан әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаев  аудан аумағындағы құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы қысқаша мағлұмат берді.
Аудан басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы  құрылыс саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, аянбай еңбек еткен бір топ құрылысшыларды аудан әкімінің Грамотасымен, Алғыс хатымен,  сондай-ақ  “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалының Грамотасымен марапаттады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.08.2012 12:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін909
mod_vvisit_counterКеше876
mod_vvisit_counterОсы аптада909
mod_vvisit_counterӨткен аптада10184
mod_vvisit_counterОсы айда17798
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2944813

Серіктестер