Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
НАЗАРҒА АЛЫНЫП, ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудан әкімдігінде жекелеген азаматтарды өздерінің өтініштері бойынша қабылдады.
Қабылдауда болған Сарыкемер, Түймекент, Қосақ,  Бурыл ауылдарының тұрғындары Жәмилә Беркенова, Жақсыгүл Сүйіндікова, Самал Келгенбаева, Анна Лепеховалар өздеріне қатысты және ауылдарына байланысты мәселелерді көтеріп, оған көмектесуді сұранды.
Мәселен, Ж.Беркеноваға қайтарымсыз грант алудың жолдары жан-жақты түсіндірілсе, Жамбыл облысы әкімі аппаратына әлеуметтік сұрақ бойынша жүгінген көпбалалы отбасы, III – топтағы  мүгедек Л.Сүйіндікова 2019 жылы 505 мың теңге қайтарымсыз несие алып, оған «Заанен» тұқымды ешкі алған. 2020 жылы пилоттық жоба аясында 2,5 пайызбен 3.5 млн. теңге несиеге қол жеткізген.
С.Келгенбаева  тұрғын үй кезегіне 11 қазан 2020 жылы  № 275 - ші болып тіркелсе, А.Лепехова  облыс әкімі аппаратына Бурыл ауылындағы түнгі жарық, жол, ауыз су мәселелері бойынша жүгінген. 2021 жылы Бурыл ауылдық округіндегі тұрғындардың сұраныстарына сәйкес олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жалпы құны 2 млрд. теңгені  құрайтын 61 жоба әзірленген болатын. Жобалар негізінен жаңа алқаптарға электр жарығын, газ, су құбырын тарту, жол төсеу, абаттандыру, көпір салу, балалар ойын алаңдарын орнату тағы басқа маңызды мәселелерді  қамтиды. Өткен жылы  олардан 56,2 млн. теңгеге жолдарды жөндеу бойынша 2 жоба, газбен қамту бойынша 80,3 млн. теңгеге 2 жобасы қаржыландырылып, жүзеге асырылған. Бүгінге дейін  қолдау таппаған жалпы соммасы 662,0 млн. теңгені құрайтын 30 жобаны облыстық бюджеттен қаржыландыру бойынша сұраныс хат жолдаған.
Міне жоғарыдағы қабылдауға келген азаматтардың  сұранысын мұқият тыңдаған аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы оларға осылайша нақты жауап берді. Алдағы уақытта да аудан тұрғындары тарапынан көтерілген мәселе, жекелеген сұраныстар назарға алынып, тиісті заң аясында шешімін табатынын ескертті.

Сүндетулла Әбілов,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 12.08.2022 10:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін450
mod_vvisit_counterКеше685
mod_vvisit_counterОсы аптада450
mod_vvisit_counterӨткен аптада5474
mod_vvisit_counterОсы айда17386
mod_vvisit_counterӨткен айда20198
mod_vvisit_counterБәрі2039877

Серіктестер