Онлайн газет



АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Медиация бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің жаңа түрі болып табылады. Ол жанжалдардың алдын алу және халықтың  құқықтық сауаттылығын нығайтуды көздейді. Бүгінгі таңда қоғамдық сананы жаңғыртудың бірден-бір жолы медиация институтын дамыту болып отыр.
Жақында аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «Қоғамдық келісім» орталығында республикалық бірыңғай медиация күніне орай «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Оған аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, аудандық келісім кеңесінің төрағасы Қыдыралы  Оралов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік  Ермеков қатысты.
Шараның басты мақсаты – аудан аумағында медиация қызметі саласын дамытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, медиация институтының шиеленістерді және дауларды шешудің әдісі ретінде насихаттау, медиаторлардың жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ азаматтық институттармен өзара іс-әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету болып табылады. Аталған «Ашық есік» күні аясында қоғамдық қабылдау өткізіліп, тұрғындарға құқықтық кеңестер берілді.
Айта кетейік, медиация күніне байланысты барлық округтерде семинарлар, «дөңгелек үстелдер», азаматтарды қабылдаулар, тұрғындармен кездесулер сынды іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 12.08.2022 10:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін255
mod_vvisit_counterКеше1193
mod_vvisit_counterОсы аптада8304
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда6960
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2933975

Серіктестер