|
Б.Қалыбаев, аудан прокурорының аға көмекшісі, ІІ-сыныпты заңгер.
Жеңіл жолмен пайда табуды көздейтін немесе өзгенің құқығын бұзатын азаматтар арамызда баршылық. Солардың бірі Байзақ ауданының тумасы, Г.Ортаева ҚР ҚК-нің 177-бабы 2-бөлігі «б» тармағымен Байзақ аудандық сотының 16.04.2013 жылы 2 жылға бас бостандығынан
айырылған. Алайда, Заң талабында көрсетілген, яғни, бас бостандығынан айырмай шектеу тағайындалғанның өзінде қылмыскер оң нәтиже шығармай, адамдарды алдаумен қайта айналысқан. Ол “Ақжар ауылында орналасқан әскери бөлімге жұмысқа тұрғызамын, ол жерде ағам басшы болып қызмет атқарады” деген жалған сөздермен Байзақ ауданы және Тараз қаласының тұрғындарын, яғни, 9 жәбірленушіден 100-200 мың теңге көлемінде ақша алып, өз бас пайдасына жаратып, алдап жүрген. Жәбірленуші азаматтар бірнеше ай бойы алданып, нәтиже болмаған соң АІІБ-не арызданған. Нәтижесінде келтірілген арыздардың себебі бойынша ҚР ҚК-нің 177-бабы 2-бөлігі «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған. Сот барысында қылмыскер өз кінәсін толық мойындап, аудандық соттың 17.01.2014 жылғы үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның асырауындағы жасөспірім балаларының болуына қарамастан, әділ жаза тағайындады. Өйткені Г.Ортаева сот процесі болып жатқан кездің өзінде қылмыстық әрекетін тоқтатпай, Таңатаров деген азаматтан дәл осындай жолмен 100 мың теңгесін иеленіп кеткен. Сондықтан аудан азаматтарына айтарымыз түрлі сылтаулармен пайда таппақ ойы бар алаяқтардан сақ болғайсыз. |