Онлайн газет



Жас ақындар айтысқа шықты

Қазақ халқының ақындық өнерінің қалыптасу тарихында Жамбыл Жабаевтың алатын орны айырықша зор. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы немесе Жамбылдың асқан ақындық өнері, оның тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі әдебиеттану ғылымының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі. Десекте Жамбыл атамыздың  «Замана ағымы», “Ленинградтық өренім”, «Туған елім», «Менің өмірім» атты толғауларының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Жүз жасаған ақынның  өмір сүрген уақытында қазақ халқының басынан неше алуан ірі-ірі тарихи оқиғалар өтті. Ақын қазақтың жүз жылдық тарихының ғана емес, арғы-бергі тарихының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білген. Жамбыл Жабаев халық поэзиясының алыбы ғана емес, «ХХ ғасырдың Гомері» атанды.   Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын да әлемге танытты.Ұлы ақынның  ұлылығын ұлықтаған  “Жыр алыбы-Жамбылым”  атты тақырыпта аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жас ақындар айтысы болып өтті.
Жыр сайысын орталықтың директоры А.Көкішев ашып, талапкерлерге ақ жол тіледі.
Тартысты өткен дүбірлі додада бас жүлдені Кеңес орта мектебінің оқушысы Кеңесбек Шалқар жеңіп алды. Бірінші орынды балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушысы  Сембекова Арайлым қанжығасына байлады.  Екінші орынды Кеңес орта мектебінен Бейсенов Ернұр иеленсе, үшінші орынды Түймекент орта мектебінен келген Ержан Сансызбаев пен  балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушысы Қарасаева Эльмира өзара бөлісті.
Жеңімпаздарға Мақтау  қағаздары табысталды. 
Жас ақындар айтысында бас жүлде мен бірінші орынды иеленген жеңімпаздар облыстық жарысқа жолдама алған-ды. Ендеше дүбірлі жыр сайысында жас ақындарымыз     ауданымыздың намысын қолдан бермейді деп сенеміз.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін627
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада28010
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50310
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820588

Серіктестер