|

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы болып өтті. Оның жұмысына аудандық филиал Саяси кеңес бюро мүшелері, сонымен қатар, партия облыстық Саяси кеңес бюро мүшесі, партия облыстық филиал жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет»
жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Сембек Әбітайұлы Сейдазимов қатысты.
Отырыс төрағасы Н.Тлепов жиын қатысушыларын оның күн тәртібімен таныстырып, жұмыс регламенті бекітілген соң, ретімен «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының және «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағалары С.Қалмұратов пен Р.Сәрсеновтің 2013 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Өздерінің есепті баяндамаларында кеңес төрағалары басқарып отырған қоғамдық ұйымдардың негізгі міндеттерін, есепті кезеңде атқарылған жұмыстар, орын алған кейбір түйінді мәселелер жайын сөз етіп, алдағы уақыттарға белгіленген жоспарларымен бөлісті. Баяндамашыларға бюро мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-тілектер айтылды. Есепті баяндамалардан кейін, отырыс барысында көтерілген мәселелерге қатысты партия облыстық филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Әбітайұлы қорытынды жасады. Ол өз сөзінде бүкіл қоғам болып жемқорлықпен күресу, мемлекеттік қызметкерлерге деген жастардың көзқарасын өзгерту қажеттігіне кеңінен тоқталды. Жиын қатысушылары бұдан әрі қарай отырыстың күн тәртібіне шығарылған басқа да ұйымдастыру мәселелерін қарап, оның әрбірі бойынша тиісті қаулы қабылдады.
Өз тілшіміз. Фото: А.Алдабергенов. |
|
Обновлено 24.01.2014 16:38 |